Қала қонақтарына құлаққағыс!

Screenshot_40.png

31 мамырдан бастап барлық келушілер, оның ішінде әуежай қызметкерлері, сондай-ақ күтіп алушылар мен шығарып салушылар үшін Халықаралық Шымкент әуежайының терминалына кіру Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Әуежайдың QR-коды терминалға кірер алдында орналастырылады.

Сізге:

- Ashyq қосымшасын жүктеу және оған тіркелу қажет,

- терминалға кірген кезде QR-кодты сканерлеу және оны қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне көрсету қажет,

- егер сіз смартфонды емес, кәдімгі телефонды қолдансаңыз, ЖСН-ді дайындап, оны сіздің мәртебеңізді тексеру үшін қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне көрсетіңіз,

- шетел азаматтарына мәртебесін тексеру үшін кіру кезінде төлқұжатын көрсету қажет.

«Сары» және «қызыл» мәртебесі бар келушілерге терминал ғимаратына кіруге рұқсат етілмейді.

Сіз өз күйіңізді төменде орналасқан бейтарап QR кодымен алдын-ала тексере аласыз.

ҚҰРМЕТТІ ЖОЛАУШЫЛАР!

Сізден коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша қосымша шаралар енгізуге түсіністікпен қарауыңызды және әуежайға Ashyq жүйесі арқылы тексерілу уақытын ескере отырып ертерек келуіңізді сұраймыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер