Шымкенттік шәкірттер Түркістанға сапарға аттанды

Screenshot_39.png

Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылған еді. Инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Шымкент қалалық білім басқармасы мен экологиялық орталық өкілдері бірлесе отырып ұйымдастырған шара аясында 150 оқушы өңіріміздің тарихи нысандарымен таныспақ. Әдеттегідей «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының қызметкерлері экскурсиялық топтың демалысын сәтті ұйымдастыруда өз үлестерін қосуда.

Жоспар бойынша саяхатшы топ төмендегі 5 нысанды аралып, олардың жұмысымен таныспақ.

1) «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі (UNESCO-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген объектісі)

2) «Рабиға Сұлтан Бегім» кесенесі

3) Visit Turkestan орталығы

4) «Ұлы дала елі» мұражайы

5) Керуен сарай

Жазғы демалысты тиімді өткізуге бел буған жас өрендерге сәт сапар тілейміз!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер