«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр». Платонның өз замандастарына айтқан бұл сөздерін кейінгі өскелең ұрпақ есте ұстап, ұмытқан емес.
1 - ші маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған сапар барысында 150-ден аса шәкірт туған елдің тарихымен танысып, өңіріміздегі айрықша орындарға саяхат жасады.
Оқу жылын табысты аяқтаған жастар, жазғы демалыстарын аймағымыздың қасиетті орындарымен танысудан бастады. Бір күнге жоспарланған экскурсия барысында олар өз білімдерін жетілдіріп, жаңа мағлұматтар алды.
Көтеріңкі көңіл-күй, жаңа таныстық пен қайталанбас естеліктер сыйлаған сапар барша жанды ұмытылмас әсерге бөледі. Шәкірттер өздерінің туған жерін мақтан тұтып, есте мәңгі қаларлықтай ақпараттар ала білді. Олар алдағы уақытта тағы да осындай саяхаттар ұйымдастыруды ұсынып жатты.
«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы сіздерді жаңа саяхаттарда күтеді. Яғни қаланың көрікті жерлерін ғана емес, ата тарихтан сыр шертетін турсистік нысандар мен ақпараттармен бөліседі.