Халықаралық балаларды қорғау күнінде барша бүлдіршіндірге қоғамдық көліктер қызмет көрсетеді. Себебі дәл сол күні қалада біршама мәдени іс-шаралар өтетін болады. Олардың куәсі болу үшін балалар қаланы аралап, барлығына қатысуға тырысады. Іс – шаралардың өту уақыты алдын-ала әлеуметтік желілерде хабарланады.
Шымкент қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қоғамдық көліктерде балалар тегін тасымалданатын болады. Жалпы үшінші мегаполисте 18 көлік компаниясы 71 бағытта, 782 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, қоғамдық көлікте жүрудің ережесіне сай, қалада 7 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданса, 7 мен 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік жасалған. Ал, 15 жастан жоғары балалар мен студент жастар 50 теңге төлейді.
Жалпы қалада электронды билет жүйесі енгізілгелі бері «TOLEM» картасын 56 мың оқушы мен 1950 студент алып, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.
Ал 1 маусым күні балаларға автобусқа жол құнын төлеп әуре болмайды. Қалағанынша тегін жүруге мүмкіндік бар.