«Shymkent Tourism Center» студенттердің біліктілігін арттырмақ

Screenshot_36.png

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді.

«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы жас тәлімгерлермен толықты. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Халықаралық қатынастар» және «Туризм» факультетінің студенттері алдағы 1 ай бойы іс-тәжірбиеден өтпек. Жастардың кәсіби маман болып қалыптасуына аталған тәжірбиенің маңызы зор.

Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек.

Туристік орталық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін өзінің үлесін осылайша қосуда. Алдағы уақытта тәлімгер жастармен бірігіп біршама игі шаралардың ұйытқ

ысы болуды көздеп отыр. Туризм саласына қызығушылығы бар жастарды орталыққа тартып, жаңа жобаларды жүзеге асыруда жас мамандардың ой-пікірін бағалау да өзінше бір жетістік.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер