​Қазақстанның цифрлық даму бағыты және жасанды интеллект саласын жетілдіру

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуында цифрландыру мен жасанды интеллект саласына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. 

1000493691.jpg

Мемлекет басшысы бұл бағыттардың Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін және олардың елдің технологиялық жаңғыруының басты тетігі болатынын айтты.

Президенттің айтуынша, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, экономикалық тиімділікті арттыруға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен жеке сектор алдында инновациялық шешімдерді енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және IT-мамандар даярлау міндеті тұр. Жасанды интеллектіні дамыту – елдің инновациялық әлеуетін арттырып, өндірістің, логистиканың, қаржы мен қызмет көрсету салаларының тиімділігін едәуір жоғарылатуға жол ашады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы орнын нығайтуға және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы еліміздің технологиялық дамуының негізгі бағытына айналды. Осы бағдарлама аясында заманауи инфрақұрылым қалыптастырылып, электрондық қызметтер мен смарт-жүйелер кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазақстан заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті кеңінен қолданатын, цифрлық экономикасы дамыған елге айналу жолында. Бұл стратегиялық бағыт елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа инновациялық мүмкіндіктерге жол ашады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына – 35
  • ​Қазақстанның цифрлық даму бағыты және жасанды интеллект саласын жетілдіру
  • Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
  • Ұйғыр этносының тілі мен өнері — рухани бірліктің көрінісі
  • Тарих қайталанды: Бұл жолы – алтын жүлдемен!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер