Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына – 35

Биыл Қазақстан Республикасының тарихындағы аса маңызды құжаттардың бірі – Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. 

1000493705.jpg

Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіздікке бастар жолындағы шешуші кезеңнің бастауы болды.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Декларация Қазақстанның мемлекеттік дербестігін айқындап, егемен мемлекеттің құқықтық, саяси және экономикалық негізін қалады. Құжатта республика аумағының тұтастығы, мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі және ұлттық мүддені қорғау қағидаттары бекітілді.

Декларацияның қабылдануы – елдің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы тарихи бетбұрыс болды. Ол кейінгі Конституциялық реформалар мен Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңның қабылдануына негіз қалап, Қазақстанның егемен ел ретінде халықаралық аренада мойындалуына жол ашты. Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – халқымыздың азаттыққа, дербестікке және ұлттық бірлікке ұмтылысының символы. Бұл құжат Қазақстанның демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде дамуының бастауы болып саналады.

Бүгінде осы тарихи құжаттың қабылданғанына 35 жыл тола отырып, еліміз Тәуелсіз Қазақстанның тұрақты даму, жаңару және өркендеу жолын жалғастыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде әділетті қоғам құру, ұлттық мүддені қорғау және мемлекеттілікті нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына – 35
  • ​Қазақстанның цифрлық даму бағыты және жасанды интеллект саласын жетілдіру
  • Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты
  • Ұйғыр этносының тілі мен өнері — рухани бірліктің көрінісі
  • Тарих қайталанды: Бұл жолы – алтын жүлдемен!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер