Еріктілерге тіл үйретеді

Screenshot_13.jpg

Шымкенттік жастар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарапатын көруде. Жоба аясында бес жүз бес мың теңге грант ұтып, үш айлық курстан өткен Жасмин Ашимова шет ел тілдерін оқытатын арнайы орталық ашты. Бірнеше тілді үйретуге бағытталған орталықта түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, Еріктілер жылына орай, волонтерларға 30 пайыз , ал тұрмыстық жағдайы төмен отбасы мүшелеріне 50 пайыз жеңілдік беріледі. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандар мұнда тегін тіл үйрене алады.

«Биыл еріктілер жылы деп жарияланғаны баршамызға мәлім. Осыған орай елімізде волонтерларға көптеген жеңілдіктер қарастырылып, жағдай жасалуда. Біз де бұл игі істен тыс қалмай тіл үйретуге кірістік. Еріктінің көп тіл білгені аса маңызды. Ол оның қарым-қабілетін, білімін және мүмкіндігін кеңейте түседі. Әсіресе отандық еріктілердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгергені дұрыс. Оның үстіне Қазақстан үштұғырлы тіл саясатын ұстануда»,- дейді Шымкент қаласы Волонтерлар корпусының президенті Жасмин Ашимова. Еріктілер елімізде осындай бағдарламаның барына қуанып, басшыларға өз алғыстарын жеткізуде. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде биыл 2000-нан астам азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Шымкентте «Қара шаңырақ»қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер