Жастар партияға қабылданды

Screenshot_4.jpg

Жалынды жастар – ел болашағы. Ел тізгінін ұстайтын қарымды, талантты, білімді жастарға қолдау көрсету қажет. Ал «Nur Otan» партиясы жас буын өкілдеріне көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, қолдау білдіріп келеді. 

Жақында  «Nur Otan» партиясының құрылғанына 21 жылдығына орай М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.

Алдыңғы қатарда жүрген бастауыш партия ұйымдарының белсенділерін Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, жаңадан өтініш білдірген азаматтарға партиялық билеттерді табыстады.

Сондай ақ, «Nur Otan» партиясының қатарына Шымкент қаласының беделін талай сайыста асырып жүрген, қаланың мәдени дамуына үлестерін қосып жүрген белгілі «Байдың балдары» квн командасының мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, партия қатарына қабылданды.

Жиында мемлекеттік қызметте, білім саласында өнімді еңбек етіп жүрген он партия мүшесіне «Алғыс хат» табыс етілді. Сонымен бірге, осы салаларда белсенділігімен көзге түскен он адам партия қатарына қабылданды.

Жиын сонында аудандық «Nur Otan» партиясының төрағасы Ғ. Мәуленқұлов жаңадан мүшелікке қабылданғандардың қадамына сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға тілектестік білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер