Азық-түлік қоры жеткілікті

Screenshot_16.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша қала аумағында орналасқан ірі сауда орталықтары мен базар иелерімен және әуежай мен теміржол, автовокзал басшыларымен кездесті.

Жиында қала басшысы халық арасында таралып жатқан азық-түлік тапшылығы туралы ақпараттың негіссіз екенін айтып, кәсіпкерлерге тұрғындарды үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке жүгінуге шақыруды айтты. Сондай-ақ, әкім Шымкент қаласында азық-түлік қорының жеткілікті екенін баса айтты. 

Мұрат Дүйсенбекұлы аталмыш шаралардың барлығы тек сақтық үшін жасалынып жатқанын мәлімдеді.

Қала әкімі көпшілікті жұмыла жұмыс істеуге шақырып, сауда орталықтары мен базарларда және автовокзал, әуежай мен теміржол вокзалдарында санитарлық тазалықтың қатаң сақталуына баса назар аударуды және азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеуді тапсырды. Қала әкімі тұрғындарға азық-түлікті жаппай сатып алудың қажеті жоқ екенін және төтенше жағдайды пайдаланып алып-сатумен айналысатындарға жол жоқ екенін, баға үнемі оның назарында екенін ескертті. Мұрат Дүйсенбекұлы ірі сауда орталықтары мен базардағы бағаны бақылау үшін аталған орындарды өзі жиі барып тексеріп тұруға уәде берді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Шымкентте «Қара шаңырақ»қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер