Кадр қадірлі болуы керек

Screenshot_17.jpg

Жуырда Департамент қызметкерлері Шымкент қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және әкім аппаратының жауапты қызметшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық әкім аппараты және 15 құрылымдық басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің белгіленген жұмыс уақытынан артық жұмыс жасау деректерін жою, мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібінің сақталуына, жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалуларына профилактикалық іс-шарасын жүргізді.

Жүргізілген профилактикалық іс-шарасының нәтижесімен Шымкент қаласының әкімдігіне мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту, жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз қалу деректеріне жол бермеу бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыруды ұсынды.

Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметшілер негізсіз үстеме жұмысқа тартылған болса, аталған мекеме басшысының есебі Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралуы мүмкін.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдарында «икемді жұмыс кестесін» енгізу мәселелері қаралуда.

Бүгінде, қала аумағындағы 4 мемлекеттік органда «икемді жұмыс кестесі» енгізілген. Алдағы уақытта көрсетілген бағытта жұмыстар жалғастырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің саны 98 мың адамды құрайды. Оның ішінде 2097 қызметкер (2,1%) Шымкент қаласында еңбек етеді. Шымкенттің барлық мемлекеттік қызметкерлерінің 51%-ын әйелдер құрайды.

Қалада 55 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның ішінде 28 жергілікті атқарушы, 25 орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, 1 өкілетті орган және тексеру комиссиясы.

Қаланың мемлекеттік органдарында штат бойынша 2097 мемлекеттік қызметші, оның 758-і жергілікті атқарушы органдарда, 1339-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде.

Қаламыздың мемлекеттік органдарында 10 ұлт өкілдері жұмыс істейді. Қаланың мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы-38 жасты құрайды, ал 29 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметкерлердің жалпы үлесі – 25%. Қаланың мемлекеттік органдары қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілі 9,4 жылды құрайды.

2019 жылы қаланың 1300-ге жуық мемлекеттік қызметшілерінің тиімділігіне жыл сайынғы баға берілді, нәтижесінде қызметшілердің 50%-ы "өте жақсы", 42%-ы "тиімді" және 8%-ы "қанағаттанарлық" деген баға алды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары бойынша 807 мемлекеттік қызметші оқудан өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер