Госпиталь салынуы мүмкін

Screenshot_15.jpg

үшінші мегаполисте 200 орынды жедел инфекциялық госпиталь салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) үш кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм жиынтығымен жабдықталған.

Шымкент қаласы бойынша қажет төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек-орынға арналған провизорлық стационарлар бар. Олар: қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 180 төсек, «Мейірім» оңалту орталығы - 120 төсек, «Атамекен» медициналық орталығы - 380 төсек.

1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Сондай-ақ, бүгінгі күні 200 төсек-орынды жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, шымшаһарда жалпы 484 адам карантинге алынған. Олардың ішінде 218 адам медициналық мекемелерде стоционарлық карантинде болса, 266 адам үй карантинінде отыр. Тиісті мамандар олардың карантин режимін қатаң сақтауын қадағалауға алған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер