Мешіт қызметкерлері де ат салысуда

Screenshot_17.jpg

Шымқаладағы орталық «Ақмешіт» мешітінің қызметкерлері мен еріктілерден құралған топ  бетперде  тігуді  қолға алды. Төрт күннен бері  медициналық маска тігумен айналысып отырған тігін цехы медициналық маскаларды әлеуметтік жағдайы төмен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін тарқатып бермек. Дайын медициналық бетпердені қаланың ерікті жастары тарқатады. Мұдағы тігіншілер мен ерікті аналар қарап отырмай, індеттен құтылу үшін пайдамызды тигізсек дейді.

«Халыққа қолымыздан келгенше жәрдемші болайық деп маска тігіп жатқан жайымыз бар. Қолынан тігін келетін шәкірттерімізді шақырттық. Қолда бар материалымыз 2,5 мың дана маскаға жетеді. Егер тағы материал жеткізілетін болса тігуді жалғастыра береміз»,- дейді ҚР діни мұсылмандар басқармасының әйел қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова.

Айта кетейік бұл игі іс-шараға кәсіпкерлермен қала тұрғындары демеушілік етуде. Сондай-ақ мұнда ерікті түрде бетперде тігіп көпшіліктің сауабын алып жүрген еріктілердіңде еңбегі адал дейді Мұхамеджан Естеміров.

«Жалпы шараға қолдау көрсетіп жатқан мешіт қауымына, жамағатымызға ризашылығымызды білдіреміз. Еліміз бұл індеттен құтылады деген үміттеміз»,- дейді  Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл, қиын жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге болу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер