Базар залалсыздандырылып жатыр

Screenshot_18.jpg

Мегаполистегі көпшілік көп шоғырланатын орындарда тазалық мәселесіне аса мән беріліп отыр. Солардың бірі қала кіндігінен орын тепкен Орталық қырғы базар.

Төтенше жағдайға байланысты қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен орталықта залалсыздандыру жұмыстары күніне екі рет жүргізіледі. Сонымен қатар әр аптаның  дүйсенбісінде күрделі тазазалық күні белгіленген. Сауда орталығының санитарлары базардың бүге-шүгесіне дейін химиялық заттармен  өңдейді. «Біз әр күні таңғы сағат 9:00  және 16:00 де вирустарды өлтіру үшін дизинфекциялық шараларды қатаң түрде өткіземіз», - дейді орталық қырғы базардың әкімшісі Мақсат Есенбеков.

Бұл  базар қаладағы Әл-Фараби ауданының шеңберінде  орналасқан.  Аталмыш аймақта бұдан басқа 2 базар 40 жуық тойхана 50 астам қоғамдық тамақтану орындары бар. Барлық нысан жіті бақылауда –дейді сала басшысы. Жалпы аудан бойыншада санитарлық ақуал бірқалыпты.

 «Базарларда әрбір павильенға арнайы дез кілемшелер санитайзерлер қолданылып жатыр. Ол біздің күнделікті бақылауымызда тұр. Арнайы мониторинг өткізіп тұрамыз. Ауданда жалпы ақуал тұрақты»,- дейді Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ерлан Рысқұлов . 

Сауда орталығының сатушыларымен қатар мұнда келушілерге де талап қатаң. Қақпа алдында тұратын санитарлар әр адамды тепловизор арқылы тексеріп кіргізеді. Сонымен қатар тұтынушылардың  бетперде тағып кіруін қадағалайды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды
  • В Шымкенте 20 семей получили новые квартиры в рамках модернизации «Зелёной балки»
  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер