Имамда да қашықтықтан қызмет көрсетуге кірістіп кетті. Шымкент қаласындағы орталық «Ақмешітің» жанынан call орталығы іске қосылды. Енді дін саласына қатысты сұрағы бар қала тұрғындары осы орталыққа хабарласып сұрағына жауап ала алады.
Мұндай орталық жуырда Нұр-сұлтан қаласында іске қосылған болатын. Енді шырайлы Шымкент қаласында да бұл жоба қолға алынып отыр. Қала тұрғындары оратылықа телефон арқылы ғана хабарласып қоймай, барлық әлеуметтік желілер арқылы байланыс орната алады. Айта кетейік, әлемді алаңдатқан індетке байланысты Алла үйіне келуге шектеу қойылған болатын. Осы орайда дін өкілдері халыққа жақын болуды мақсат еттік дейді Қаратау ауданының бас имамы.
«Сall орталықтың негізгі қызметі халықтың сауалдарына күнделікті жауап беріп отыру. Тұрғындар бізге таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін хабарласуға болады. Көпшілік көбінесе имамдарымыздан отбасылық жағдайға қатысты сұрақтарды көптен қояды. Мәселен: үйде дұғаны қалай жасау керек, үй жағдайында қандай ғибадат жасауға болады т.б. Сонымен қатар қазір балабақша, мектептер уақытша жабылғасын балалардың барлығы үйде. Осыны пайдаланған ата-аналар балаға қандай тәлім беруге болатындығын, қандай әдеби кітаптар оқуға болатындығын, балалардың діни сауаттарын арттырудың жолдарын сұрауда»,- дейді Қаратау ауданының бас имамы Дастан Желеуов.