Жедел жәрдем көліктерінің шеруі өтті

Screenshot_2.jpg

Сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Бұл шара халықты індеттен сақтау мақсатымен орын алды. Алдында арнайы мамандар үй-үйді аралап тексеру, сақтандыру жұмыстарын жүргізген еді. Енді көшелерде жедел жәрдем көліктерінің шеруі өтті. 

"Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!". Осындай атаумен Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясының дәрігерлері қала тұрғындары үшін арнайы акция өткізді. Бірқатар қала тұрғындары бұл шеруді естіп, індетті қаншалықты зардабы бар екенін түсінді.

Шара барысында Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды.

Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, “Нұрсәт" шағынауданы және Арғынбеков, Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан, Республика даңғылы арқылы жүріп өтті. Жалпы акцияға 30 жедел жәрдем көлігі мен 100-ге жуық медицина маманы қатысты.

Қазір әлем халықтары қауіпті індетпен күресуде. Ал оны жеңіп шығу сіз бен бізге байланысты. Үйде болыңыз! Әр адамның денсаулығы мемлекет үшін маңызды. Сондықтан да қалалық әкімдік барынша сақтық шараларын жасап, халықты індетке ұрынудан сақтауда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
  • Жеңіс күніне орай шымкенттік ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі
  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
  • Шымкенттегі су желілерінің 50 пайызы тозған
  • Шымкентте жаңа Фосфоршылар мәдениет сарайының құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер