Өнер мектебі ел игіліне!

Screenshot_4.jpg

Өнер - қай халықтың болмасын мәдениетінен сыр шертетеін ұлы дүние. Осы тұста үшінші мегаполисті рухани әрі мәдени дамыту мақсатында балаларға арналған өнер мектебінің құрылысы қызып, сәтті жүруде. Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бекет батыр мен Тәшенов көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің қаладағы ірі өнер мектебіне айналады деп күтілуде.

Бүгінде мәдениет ошағы өнер мектебінің екінші қабаттындағы плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Ғимаратты аралау барысында қала басшысы мердігерге құрылысты көрсетілген уақытында аяқтап, сапаға баса назар аударуды тапсырды. Жобаның жалпы құны 622 072,6 мың теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «РСУ-1» ЖШС-гі жүргізуде.

Сонымен қатар, сала мамандарына тәрбие ошағы нысанының алдына автотұрақ мәселесін де қарастыруды айтты.

Айта кетейік, өнер мектебінде музыкалық сабаққа арналған сыныптар, дайындық бөлмесі, концерт залы мен мүгедектерге арналған техникалық үй-жайлар, хорға арналған сыныптар, дыбыс жазу студиясы және медпункт пен асхана қарастырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер