Мұрат Әйтенов журналистер күнімен құттықтады

Screenshot_6.jpg

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төртінші билік өкілдерін мерекесімен құттықтап қойды.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің әрбір еңбектеріңіз қоғамның айнасы! Халықтың үні, көзі мен құлағы боп, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын жүзеге асыруда қосар үлестеріңіз мол. Елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, Отаншылдық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеп мамандыққа адалсыздар.

Әлемдік пандемия кезеңінде еліміз үшін сындарлы шақта сіздердің де атқарар рөлдеріңіз зор. Халықты санитарлық талаптарды сақтауға, сабырға шақырып, короновирус инфекциясымен бірге күресейік! Өздеріңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына абай болыңыздар. Өйткені індетпен күресте БАҚ өкілдері, сіздер де алғы шепте жүрсіздер. Мерейлі мереке күні әрқайсысыңыздың отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Қаламдарыңыз қарымды, тақырыптарыңыз өткір болсын!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер