№11 қалалық емханадағы күндізгі стационар тұрғындарға көмек көрсетуде

Screenshot_4.jpg

Жақында үшінші мегаполисте бірқатар провизорлы, күндізгі стационарлар ашылды. Себебі, қалада пневмонияға шалдыққандар күрт көбейіп, жұртты алаңдатып қойды. Осы тұста Шымкентте №11 қалалық емханаға қарасты 4 елдімекен бар. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қазір Қазығұрт шағынауданында - 6 төсек-орын, Сәуле шағынауданында - 4, Ақжарда - 3, Ақтаста - 2 орындық стационар ашылды. Барлығы -15 төсек-орын күндізгі стационар жұмыс істеуде.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарлы ауруханаға жататын аурулар және кеңестер уақытша тоқтатылып, дәрігерлер пневмония және ЖРВИ мен ауырғандарға ем-дом шараларын жүргізуде. Тұрғындардың денінің саулығы мен қауіпсіздігі бүгінгі күннің басты жоспарында тұрған шара болып табылады. 

Қосымша мобильді топ құрылды. Олардың құрамында хирург, терапевт, травматолог, неврапотолог, ЖТД, педиатр және медбикелер бар.

Үш автокөлік және жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған мамандар үйге шақырту және актив жасалған науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазығұрт шағынауданы аумағындағы №86 мектепте 300 орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Қазіргі таңда онда 25 науқас ем қабылдауда. Және қаладағы осы №11 қалалық емханаға қарасты елді мекен тұрғындарын қабылдауға дайын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұйғыр этносының тілі мен өнері — рухани бірліктің көрінісі
  • Тарих қайталанды: Бұл жолы – алтын жүлдемен!
  • Шымкентте «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті
  • Республиканский турнир по дебатам стартовал в Шымкенте
  • Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер