Antikor ortalyǵy сервистік орталығы ашылды

Screenshot_5.jpg

Қазіргі таңда үшінші мегаполис жан-жақты дамып келеді. Сонымен қатар, қаладағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында түрлі іс-шаралар мен жобалар қолға алынуда. Сондай игі істердің бірі «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталығы. Агенттіктің сервистік орталықтарының жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, сервис орталығы барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.

«Біз күн сайын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың барынша өзгеріп жатқанын байқап жүрміз. Қазір басымдықтар өзгеруде, енді бюрократияға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне ден қойылуда, тұтынушыға бағдарлану алдыңғы орында тұр. Агенттік те өз қызметінде осы қағидатты ұстанады және жемқорлықтың салдарымен күреспей, оның алдын алу үшін азаматтардың шағымдарымен жұмысқа көп көңіл бөледі» - деп атап өтті А.Шпекбаев.

Арнайы талаптар мен негіздерге сүйене отырып, қалада орын алып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты жан-жақты сұрақтардың жауабын Antikor ortalyǵy сервистік орталығы беруге тырысатынын еске саламыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер