Бозарық қосалқы станциясы бірнеше маманды жұмыспен қамтып, қаланы жарыққа бөлейді

Screenshot_2.jpg

Бұған дейін Шымкентте ауа-райы бұзылғанда шалғайдағы шағын аудандарды жарық жиі сөніп қала беретін. Енді шымкенттіктер жарықтан ешқандай қиындық көрмейді. Себебі 30 - тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толғанына орай Шымкентте Бозарық қосалқы станциясы пайдалануға берілді.

Аталған станция бірнеше адамды жұмыспен қамтиды. Мұнда білікті мамандар қаланы жарықтандыру үшін барын салып жұмыс істейді.

Салтанаты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, басқарма басшылығы мен энергетика саласының ардагерлері қатысты.

– Баршаңызды 30 тамыз –Конституция күнімен құттықтаймын! Осы мереке күні Бозарық қосалқы станциясын іске қосқалы отырмыз. Шаһар инфрақұрылымы үшін маңызды нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Осылайша қаладағы электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін алдағы уақытта толық шешеміз. Ел қуаты артып, Шымкент қаласы дами берсін! – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі бұдан кейін арнайы тетікті басып, қосалқы станцияның жұмысын іске қосты.

Айта кетейік, алдағы уақытта бұл электр станциясына «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2», «1-М-1» және «Ынтымақ» секілді 5 қосалқы станция қосылып, электр энергиясын алады.

Нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити мен Достық және Нұрсәт, барлығы 10 шағынаудандағы 250 мыңға жуық тұрғынды сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік туады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер