Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына тарту белсенді жүзеге асырылуда

Screenshot_3.jpg

Жұмыссыздық - үлкен проблема. Елде жұмыссыздар көбейсе экономика құлары сөзсіз. Сондықтан да әрбір еңбекке жарамды азамат жұмыс істеп отбасын асырағаны аса маңызды. Ал ниеті бар, бірақ екі қолға бір күрек табылмай жатқандарға мемлекет өзі жұмыс тауып беріп қолдау көрсететін сәттер аз емес.

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту белсенді жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде уақытша жұмысқа орналасқан қала жастарының  бірі – Батырхан Әмірханов.

Л.Н.Гумилёв  атындағы  Еуразия ұлттық университетін «Қазақстан  тарихы» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман біраз уақыт жұмыссыз жүрген. 2021 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» мәртебесімен тіркеліп, көп ұзамай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі аппаратына   «қоғамдық көмекші» ретінде жыл соңына дейін уақытша жұмысқа жолданды.

– Жұмыс іздеуші азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі бағыттағы бағдарламалар ұсынылып отыр. Еңбек еткісі келетін адамға қай кезде болса да жұмыс табылады. Мен де сол ұстанымды қолдаймын. Уақытша болса да жұмысқа орналасып, табыс тауып жүрмін, – дейді 23 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Биыл қоғамдық жұмыспен 3 000-ға жуық адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Қазіргі уақытта жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.

Айта кетсек, уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер