Шымкенттің түкпір-түкпіріне интернет жүргізілуде

Screenshot_5.jpg

Қала туристік әлеуеті бар мекенге айналу үшін оның интернеті сапалы болуы керек. Туристер де ең бірінші кезекте интернетке мұқтаж. Осы орайда Шымкент қаласының 35 мың халқы бар шалғай орналасқан 2 шағын ауданына жоғарғы жылдамдықты талшықты оптика желісі тартылды. Цифрландыру басқармасының тарапынан атқарылған жұмыстармен бүгін қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өткен пресс-тур барысында БАҚ өкілдері арнайы барып танысты.

Соның бірі Қаратау ауданына қарасты 4 мыңнан астам үйі бар Ақжайық шағынауданы. Бүгінгі күні, «i-LinkNet» мекемесі шағынауданға талшықты оптика желісін толық жүргізді. Төрт мыңға жуық үйге 400 шақырымдық абоненттік кабель тартты. Ондағы өтініш қалдырған 500-ден астам отбасы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қол жеткізді.

Сонымен қатар, компания Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тартты. 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі және 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель жүргізілді. Аталған шағынауданның өтініш білдірген алғашқы 100 үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдану үстінде.

Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, компания тарапы шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз етпек. Алдағы уақытта «i-LinkNet» компаниясы  Асар, Самал-3 және Нұртас шағынаудандарын талшықты оптика желісімен қамтитын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер