Елді мекендерді дамыту - қала әкімінің назарында

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласының тек орталығын емес, шалғай жақтарын да дамыту аса маңызды. Қалаға келген туристер тек орталықты аралап қоймай, шет жақтарын да аралап көрері сөзсіз. Шалғайдағы елді мекендер айра-жайра болып жатса бұл қаланың абыройына нұқсан келтіреді. 

Осы орайда Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі қала әкімі М.Әйтеновтің басты назарында. Бүгінде шеткі шағын аудандардың инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Солардың бірі - 10 мыңға жуық тұрғыны бар Батыс шағын ауданы.

Батыс шағын ауданы биылдан қалмай таза ауыз жүйесіне қосылады. Қала басшысының тікелей бақылауындағы бұл мәселе, осы жылы оңтайлы шешімін тауып отыр. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесі де тартылуда.

Мұндағы шағынаудан халқы бүгінде ауладағы құдық суын және тасымалды су пайдаланып отыр. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ұзындығы 151,47 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 80 пайызы тартылған. 

Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ы тарапынан қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары күз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Демек, жыл соңына дейін Батыс шағын ауданындағы 9618 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Алдағы уақытта елді мекен тұрғындары инфрақұрылым жүйелерінен ешқандай мәселе көрмей, жайлы жағдайда өмір сүретін болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер