Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарға бағыт береді

Screenshot_27.jpg

Шымкент қаласында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімімен биыл 600 адам жұмыс берушілердің сұранысымен 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымына жолданды.

Еңбек нарығының сұранысымен 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 2500 азаматты 3 ай мерзімге оқуға бекітілсе, 24 мамандық бойынша 1 900 адам 18 білім беру мекемесіне жолданған. 

Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Оқу мерзімі аяқталған соңарнайы сертификат беріледі. Сонымен бірге олардың жұмысқа орналасуына ықпал етіледі. 

Орталық арқылы қысқа мерзімді оқу курсын оқып отырған Гүлжан Умирбекова болашықта кәсіби тігінші болуды мақсат етеді. 19 жастағы қала тұрғыны «Профессионал» мамандарды даярлау орталығында «Арнайы тігінші» мамандығы бойынша білім алуда. 

–Мен 3 топтағы мүгедекпін. Денсаулығыма байланысты оқу бітіргелі ұзақ уақыт бойыжүмыссыз үйде отырдым. Көп ойланбастан, жұмысқа орналасуға көмектесер деген үмітпен, жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Онда қысқа мерзімді курстарға қабылдау жүргізіліп жатқанын, ақысыз оқуға және жаңа дағдылар игеруге мүмкіндік барын естідім. Оған қуана келісіп, тігінші мамандығын таңдадым,-дейді бағдарлама қатысушысы. 

Айта кетсек, өткен жылы 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1 590 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер