Қарағандылықтар Шымкентке саяхаттап келді

Screenshot_31.jpg

Шымкентті бір көргісі келетін тұрғындар саны артқан. Еліміздің оңтүстігінде жатқан Шымкентке сонау солтүстік бөліктегі тұрғындар арнайы ат басын бұрып, қала мәдениетімен танысып кетіп жатыр. Көптеген азаматтар Шымкент қаласынан жылы әсер алып, ыстық лебіздерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп жатқандары да аз емес. 

Жақында Қазақстандағы ең ірі өндірістік  тау-кен металлургиялық корпорациясы ”Қазақмыс” ұжымы шырайлы Шымкентке келді.

Шаһарға келген қонақтарды “VISIT SHYMKENT “ туристік-ақпараттық орталығының гид-экскурсоводы Гүлнара Кенжетаевна ақпаратпен қамтамасыз етті.  Қарағандылықтар ең алдымен , қаламыздан 15 шақырымда орналасқан ежелгі “Исфиджап” қазіргі Сайрам тұрғын -алабына жол тартты. Қаламыздың сакралды нысандары , яғни “Қарашаш ана”, “Ибраһим ата”, “Махмутхан шейх баба” кесенелерін аралады. 

Шаһар тарихымен таныстық мұнымен аяқталмай,  ежелгі қалашық “Цитадельде” жалғасты. Мәдени аймақ болып саналатын қалашық бекінісі туристерге қатты ұнады. Қарағандылықтарға қаланың ескі бөлігі ерекше ұнады. Олар мұнда өздерін Орта ғасырдағы шығыс қаласында жүргендей сезініп, бойларын ерекше сезім билегенін жасырмады. 

Сонымен қатар Шымкент қаласының бейнесі әрі  өзіндік бренді “Бәйдібек Би” ескерткіші  қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Қаланың ең жоғарғы нүктесі болып табылатын саябақ  ұзақ есте қалары анық!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер