Кәсіпкерлік қанат жайған өлке

Screenshot_21.jpg

Тамақ өндіру, тоқыма, жиһаз жасау сынды салалар шағын және орта бизнестің бір бөлігі. Осы орайда Түркістан қаласында  2019 жылдың қаңтар-сәуір айында 3197,4 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 102,2 %-ды құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 2105,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,3%-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 817,2 млн. теңгенi құрап, өсім 121,2 пайызға жеткен, ал сумен жабдықтау 135,8 млн. теңгенi құрап, өсім 94,5 пайызды құраған. Жалпы Түркістан қаласында 39 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру саласында - 7, тоқыма бұйымдарын өндіруде -  2, киім өндіруде - 4, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде -  2, өзге де металл емес минералдық өнімдерін өндіруде -  9, машина жасауда -  4, жиһаз жасауда - 6 және электр, жылу, су мекемелерінде 5 кәсіпорын бар. Кәсіпорындардың көрсеткіштері де көңілге қонымды. Мысалы, өңдеу өнеркәсіп саласының тамақ өндіру  саласы  бойынша  биыл 7086,5 млн.теңге 102,8  пайызға жоспарланып, қаңтар-сәуір айында 879,7 млн.теңге 106,1 пайызға артық орындалды. Бұл орайда «Яссы құрылыс» ЖШС-ның  нан және шұжық өнімдері цехтары, «Кәусәр Нұр» ЖШС-ның  диірмені,  "Мұзды тау" ЖШС-ның  балмұздақ өндірісі, СПК «Түркістанның» шұжық және «Ғажайып» ЖШС-ның нан және нан өнімдері өндірісін атап өтуге болады. Ал өңдеу өнеркәсіп саласының тоқыма саласы  бойынша  2019 жылы 484,3 млн.теңге 100,4 пайызға жоспарланып, қаңтар – сәуір айында 113,2 млн.теңге 107,5 пайызға артық орындалған. Сондай-ақ резеңке және пластмасса бұйымдары   бойынша  биыл 54  млн.теңге 100,4 пайызға жоспарланып, қаңтар – сәуір айында 3,0 млн.теңге 3,3 есе артық орындалды. Өңдеу өнеркәсіп саласының өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру,  машина жасау салалары бойынша да өсім бар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер