Жаңа автобекет ашылды

Screenshot_2.jpg   

Мақтаарал облыстағы халқы тығыз әрі көп орналасқан аудандардың бірі. Мұнда жолаушылардың қарқыны да көп. Жақында ауданда жолаушыларға өте ыңғайлы, заманауи, жаңа автобекет ашылды. «Мырзакент» автобекетінің құрылыс жұмыстарына 50 миллион теңге қаржы жұмсалған.  

  Нысанның ашылу салтанатына  аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев қатысып, тұрғындарды құттықтады. 

Автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері сан алуан. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және 6 бағытқа (Мырзакент-Нұрсұлтан, Мырзакент-Алматы, Мырзакент-Шымкент, Мырзакент-Түркістан, Мырзакент-Жетісай, Мырзакент-Атакент) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.

Жаңа нысанда билет кассасы, күту залы, дәмхана, сұлулық салоны және де жүргізушілерге арналған демалу орны мен медициналық кабинеттер бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.

Айта кетейік, автобекет тұрағына бір мезгілде 4 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Күнделікті 1000-ға жуық жолаушыны түрлі бағытқа тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, заманауи автобекеттің арқасында 80 адам жұмыспен қамтылып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
  • Мониторинг тұрақты жүргізілуде
  • Дәрі тапшылығы болмауы тиіс...
  • Қаулыға сәйкес карантин режимі қатаң бақылауда
  • Бірқатар шектеулер енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер