Жәрмеңке өтті

Screenshot_20.jpg

Қайта қалпына келіп, түлеп жатқан Арыс қаласында жақында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен жәрмеңкеде 50 шақты тауар өндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Бұл күні қала тұрғындары өнімдерді әдеттегі бағадан 30 пайыз төмен бағада сатып алды. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық  аудан, қалалардан  даму басымдылықтарына сәйкес  жинақталған.  Ондағы ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі – 37,5 тонна, көкөніс – 55 тонна, сүт өнімдері – 24,4 тонна, бақша өнімдері – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, 2 тонна әсел, 5 тонна балық, 14 тонна өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласының түрлі бағыттарында жұмыс істейтін өңірлік ірі кәсіпорындар өз өнімдерін жәрмеңкеге алып келді. Атап айтқанда,  «Аманкелді» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Асыл тұқымды Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Бөрте милка» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Dala fruit.kz» ЖШС (Сайрам ауданы), «Қайып ата» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Ордабасы құс» (Ордабасы ауданы), «Хамит» СТК (Шардара ауданы) және тағы басқа 22 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.

Сауда-саттықтың көркін қыздырған тұрғындарға Төлебилік өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды. 




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер