Алғашқы фронт офис

Screenshot_5.jpg

Жеті айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тартудан алдыңғы қатарға шықты. Мұндай жетістікке жетуге бірқатар себептер бар. Соның бірі инвесторлармен тиімді жұмыс істеу,  тиімді тетігін іске қосу. 

Түркістан облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өңірде бизнесті дамыту, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, экспорттық әлеуетті арттыру және туризмді дамытуға баса назар аударылуда. Соның бір жарқын мысалы Түркістан облысында «TURKISTAN INVEST» фронт офисі құрылды. Ол инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай ақ, экспортты дамыту жұмыстарын атқаруда.

«Қазіргі уақыт инвесторлар және экспорттаушылармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілін талап етеді. Инвестиция және экспорт параллельді түрде дамуы тиіс бағыттар, себебі шетелдік инвесторларды тарта отырып, экспорттаушылар үшін әлемдік нарыққа жаға жол ашылады. Осылайша, еліміздің экспорт географиясын айтарлықтай кеңейту мүмкіндігі пайда болмақ. Осының негізінде өңірде аймақтық экономиканы дамыту саясатын әзірлейтін Инвестициялар және экспорт басқармасы құрылды. Сондай-ақ осы екі бағытты «бір терезе» режимінде жұмыс істейтін фронт-офиске біріктіру тиімді», – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Сонымен қатар, облыста инвестицияларды тарту тетіктерінің тиімділігін арттыратын бірыңғай инвесторлар базасы құрылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер