Ордабасы ауданы бүгінде коронавирус індетімен күресте белсенділік танытып отырған аудандардың алдңғы сапынан десек қателеспейміз. Ауданның ақ халатты абзал жандар өз бастарын қатерге тігіп, бұл майданда жанын салып жүр. Осыған орай аудан ауруханаларында ем алған науқастар #Дәрігер_сізге_мың_алғыс деген хэштегпен челлендж жасады.
Есенқара Айжамал, Ордабасы ауданының тұрғыны:
Мен 5 шілде күні осында жоғары температурамен түстім. Мұнда жатқаныма 12 күн болды. Жағдайым жаман емес, орташа. Дәрігерлерге үлкен рақмет. Халыққа айтарым, сақтық шарасын қолдансын, денсаулықтарын күтсін.
Әбдіхайымұлы Тұран, емделуші:
Ауруханада жатқаныма 9 күн болды. Жағдайымыз жақсы, бар жағдайымызды жасап жатыр. Іші таза, қажеттіліктеріміз уақытында ескеріледі. Дәрілердің бәрі де қолжетімді. Алла қаласа, 1-2 күнде ауруханадан шығып қаламыз. Енді бұл жағдайда, үйден шықпай, балаларымызға үлкендік, ақсақалдық кеңесімізді айтып отыруымыз керек. Қазақтың басынан бұдан да қиын жағдайлар өткен. Бұл кезеңнен де аман-есен өтерміз. Аурухана қызметкерлеріне алғысым шексіз. Дендері сау болсын!
Бүгінде Ордабасыда жағдай қалыпты. Ауруханаларда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалмайды. Е бастысы дәрігерлер айтан нұсқаулықтарға құлақ салып, карантиндік талаптарға сай сақтық шараларын, жеке гигиенаны қатаң қолға алу қажет.