Шырайлы Шымқала өз қонақтарын әрқашан жылы қарсы алатын мекен. Ал одан бөлек енді келген қонақтар міндетті түрде кәде сыймен қайтатын болады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Шымкент туристік-ақпараттық орталығы» Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай арнайы акцияны қолға алған болатын. Маңызды шара «30 турист- 30 сыйлық» атауымен бастау алды. Акция қатысушыларына шаһар тарихынан сыр шертетін арнайы кәде сыйлар ұсынылды.
Атап айтсақ қаламыздаң символына айналған қолдан тігілен Қызғалдақ, қала және орталық логотипі басылған қалам мен магнит, сонымен қатар Шымқаланың тарихы мен туристік картасы. Қызғалдақ – қазақ пайымында жаңа өмірдің, көркем тіршіліктің жаршысы есептеледі. Осы орайда қаламызға келген туристердің пікірін оң тұрғыда қалыптастыру мақсатында, әрі Шырайлы шаһардың туристік әлеуетінің биктігін көрсету үшін аталған бұйымдар таңдалды.
Қазіргі таңда акция өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ, сонымен қатар 2021 жылдың соңына дейін жалғастыруға жоспар бар.