Шымкентте 5 демалыс аймағында суға шомылуға рұқсат етілген

Screenshot_55.png

Балалардың ең сүйікті ісінің бірі – суға шомылу. Шымкент қаласында ауа райының күрт жылынып кетуіне байланысты суға шомылу маусымы өзге өңірлерге қарағанда ерте басталады.

Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда суға шомылуға рұқсат етілген 5 демалыс аймағы бар. Олар Тоғыс су қоймасындағы «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасындағы «Рахат Бадам» демалыс орны, Қошқар ата өзенінің бастауы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл мен «Жайлаукөл» (Тұлпар).

Жаздың аптап ыстығында шымкенттіктер үшін Қошқарата өзені таптырмас демалыс орны. Онда кіру ақысыз болғандықтан, қаланың тұрғындары мен қонақтары таңның атысынан кештің батуына дейін ағылуда. Әсіресе, шіліңгір шілдеде ине шаншыр жер жоқ. Демалушылардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Тіпті, өзге қалалар мен шетелден арнайы іздеп келетіндер де аз емес. Өйткені, Қошқар ата өзені суының емдік қасиеті мол.

Аталған демалыс аймақтарының иелері демалушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер