«Цитадель»- Шымкент қаласының бірегей тарихи- мәдени аймағы. Қала орталығында орналасқан ежелгі қалашықтың бекінісінде «Шымкент туристік – ақпараттық орталығы» түсірілім жұмыстарын жүргізіп қайтқан болатын.
«Шымкент ескі қалашығы» – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.
Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.
Қалашықта тұрғындар мен қонақтарға арнап «ShymRise» жобасы ұсынылып отыр. Жобаның мақсаты : Цитадель қонақтарына ерекше әрі әдемі фотолокация мен кәсіби түсірілген суреттер ұсыну. Ескеретіні , « ShymRise» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырған конкурсында 400 жобаның ішіндегі, 7 үздік идея қатарына енді.
« ShymRise» фотожобасының бағаларын ұсынамыз:
- Ұялы телефонға түсірілген сурет құны – 700 теңге
- Кәсіби фотоаппаратқа түсірілген 1 сурет құны-1000 теңге
- Кәсіби фотоаппаратпен арнайы ұлттық киімдегі 1 сурет құны-2500теңге
- Кәсіби фотоаппаратпен арнайы ұлттық киімдегі 3 сурет құны-5000теңге