Ислам мәдениетімен байланысты жәдігерлерге саяхатшылардың қызығушылығы ерекше екендігіні анық. Ел аузында екінші Мекке атанған Түркістанның маңызды фишкасы да осы діни дүние танымда екені белгілі. Онда келушілерге атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасы ислам дінін тарату ошағы болған Сайрамда жерленгені туралы ақпарттың айтылуы Шымкент қаласының да игілігіне жарары анық. Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған - Қарашаш ана кесенесі мен әкесі Ибраһим ата кесенесі кім-кімді де таңдандырары сөзсіз.
Карантиндік шектеулерге байланысты ішкі туризмге сұраныстың артуын тиміді пайдалану әрмен қарай шетелдіктерді Шымкентке тартуға сеп болары анық.
Халық ішінде жатталған «Сайрамда бар сансыз бап, Отырарда отыз бап, Түркістанда түмен бап, баптардың бабы Арыстан бап, ең үлкені Хален бап» деп айтылудың өзі тектен-тек емес.
Жалпы туризм саласы басқа да салалардың дамуына мол мүмкіндік беретіні ақиқат. Мәселен, туристік агенттіктер, мейрамханалар, санаторилер, тамақтану орындары, көлік байланысы және т.б.