Теріскейлік туристерге Цитадель таныстырылды

Screenshot_58.png

«Цитадель»  қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатын сөзсіз. Бұл – тарихтан терең сыр шертетін шежірелі орын әлі талайды таңқалдыратын, қызықтыратын, жастар рухани құндылықтарын арттыратын орынға айналады. Ол күндер де алыс емес

Шымкенттің жарқын туристік брендінің бірі - «Цитадель» қалашығы. Мәдени-тарихи аймақ ежелгі қалашықтың бекінісі болған. Ашық аспан астындағы тарихи мұражайға мереке күндері келуші туристер саны артқан.

Мәселен, туристік ақпараттық орталығының өкілдері Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Атыраудан арнайы келген қонақтарға экскурсия ұйымдастырды. Шымкент қаласының туристік нысандарына қызығушылық танытқан азаматтарға қала аумағындағы киелі жерлер мен тарихи мұралар туралы ақпарат берілді.

2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғанын  ескерсек, алдағы уақытта мұражай аумағынан амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеретіндігі, қайырымды қала тұрғындары мен қонақтары ескі қалашықтан табылған жәдігерлерді де көруге мүмкіндіктер бар екендігі айтылды. Ал қазіргі   таңда  ескі қалашық  ашық аспан астындағы тарихи мұражай ретінде  қолданылуда.

Өзіндік ерекшелігі бар көне шаһар келбетін өз көзіңізбен көргіңіз келсе сапарыңызды Шымкентке бағыттаңыз7


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер