65 қонақ үйде «E-Qonaq» электронды жүйесі орнатылған

Screenshot_3.png

Туризм саласын дамыту үшін ең әуелі, транспорт пен сервистік қызметтерді күшейту маңызды. Бүгінде Шымкентте республика ішілік 8, халықаралық 4 бағытта әуе қатынасы жолға қойылған. Олардың қатарында Стамбул, Мәскеу, Кутаиси, Шарджа және Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Семей қалалары бар.

— Мегаполис қонақтары 17 туристік маршрут бойынша 100-ге жуық туристік нысанды тамашалай алады. Саябақтар, мұражайлар, тарихи орындар, демалыс базалары, барлығы дерлік қала қонақтарына қызмет көрсетуде.

Шымкентте туристерді қабылдайтын 125 бизнес нысан тіркелген. Оның екеуі бес жұлдызды қонақ үй. Сондай-ақ, қалада 1 904 қоғамдық тамақтану орны бар. Оның ішінде 185 бар, 313 кофехананың болуы саяхатшылар үшін өте қолайлы, - дейді Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Е.Қыдыров.

Мамандардың айтуынша, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы 4 бағытта жұмыс жүргізуде. Бірінші бағыт — бұл маркетингтік ілгерілету. Саяхатшыларды Шымкенттің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қаңтар айында «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы құрылған. Онда «бір терезе» қағидасы бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық-консультациялық көмек көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, орталық базасына қарасты 7 ақпараттық дүңгіршек Арбат, темір жол вокзалы, әуежай және Абай, Наурыз, Тәуелсіздік, Орталық саябақ сынды қаланың халық көп шоғырланатын нүктелеріне орналастырылған.

Биыл елімізде туристік саланы дамыту бағдарламасына сәйкес, шетелдік туристерді тіркеу, есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға бағытталған «E-Qonaq» электронды жүйесі іске қосылған болатын. Бұл жүйе миграциялық полиция қызметін онлайн түрде ұсынатын платформа болып табылады. Екінші бағыт – туристік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша бүгінде қаладағы бірқатар туристік индустрия нысандарына талдау жүргізілген. Бүгінде Шымкент қаласындағы 65 қонақ үйде «E-Qonaq» электронды жүйесі орнатылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер