300-ГЕ ЖУЫҚ ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Screenshot_10.jpg

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қанатты сөз бар қазақта. Табиғат, көк, ағаш сынды дүниелерге ерекше ықыласпен қарайтын халқымыз ағаш егуді игі іс санаған. Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент – жасыл желекті шаһар саналады. Қала атауының шығу төркінін ғалымдар шыммен байланыстыруы да бекер емес. Жапырағы жайқалып, қызғалдағы гүлдеген қалада ағаш егу дәстүрі жалғасын тауып келеді. 

Биылдыққа кентте тал-дарақ егіп, көгалдандыру жұмыстарын алғашқылардың бірі болып "Ауыл" партиясының өкілдері бастады.

Үшінші мегаполистегі теннис орталығының алдына "Ауыл" партиясының қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев бастаған партия мүшелері, ардагерлер, жастар қанатының өкілдері мен студенттер жиналды.

Алғашқы сөзді алған Қанатбек Балтабайұлы тал егіп, көгалдандыру халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі де бірегейі екенін айтып, бүгінгі іс-шараға жиналған көпшілікке алғыс айтты.

Жиында партияның жастар қанатының өкілдері де сөз алып, замандастарын қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырды.

Содан кейін көпшілік теннис орталығының алдына көшеттерді егіп, су құйды. Бұл күні ұзын-саны 300-ден астам көшет егілді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер