Мегаполиске тарту

Screenshot_14.jpg

Шымкент – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы. Жылнама аясында имидждік жобаның жұмыс жоспары бекітіліп, бүкіл аймақ өз үлесін қосуда. Мәдениеттің мәйегі де осы театр екенін білсек, оның берері де мол болмақ.

Осы орайда Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры мегаполиске өз тартуын жасады. «Әттең шіркін өмір-ай...» комедиясы көрермен қауымның сүйіп тамашалайтын қойылымы. Оған 8 жылдан бері аталмыш театрдың репертуарынан түспей, жоғары сұраныста тұруы дәлел бола алады.

Театрға келіп, қойылым көріп, рухани азық аламын дегеннің 80 пайызы жастар. Көрермен қауымға лық толған Орыс драма театрында шабыттанған әртістер де барын салып, ойнауда. Жақсылыққа құштар болуға жетелеп, өмірдің өлмейтұғын естеліктерін көрсетіп берген комедия Сая Қасымбектің авторлығымен жазылған.

«Бұл пьессаны әкем өмірден өткенде сағыныштан жазған едім. Туындының негізгі кейіпкерлері   80-нен  асқан қариялар. Үшеуі де өмірге ғашық. Неге? Өйткені олар  тіршіліктің, өмірдің мән мағынасын, қадірін біледі. Жалпы адамзатты өмірге құлшындыру мақсатында жазған дүнием еді»,- дейді драматург Сая Қасымбек. 

Жетісай қаласынан арнайы келіп, жұртшылықты қуантқан бұл ұжымның тарихы тереңде. Жарты ғасырдан астам уақыт театр ауасымен тыныстап жүрген майталмандардың берері көп. Репертуарында 200 ге жуық мол мұрасы бар. Соның бірі әрі бірегейі де осы «Әттең, шіркін өмір-ай» комедиясы.






Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер