Жерлесіміз топ жарды

роза.jpg

Көркем гимнастикадан ел үздіктері анықталды. Спорт шеберлері арасында көпсайыс бойынша жеке бәсекеде Шымкенттік Роза Абитова жеңімпаз атанды.

10-15 наурыз күндері "Маңғыстау-Аренада" өткен дүбірлі додадаға еліміздің түкпір-түкпірінен атлеттер қатысты. Спорт шеберлері арасында көпсайыс бойынша жеке бәсекеде Шымкенттік Роза Абитова жеңімпаз атанды. Ренат Жолдинова (ШҚО) күміске, Дильназ Байленова (Қарағанды облысы) қола жүлдені қанағат тұтты. Спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы бәсекеде Милана Парфилова үздік танылды. Жансая Жанбуршиева күміске, Дария Касаева қолаға қол жеткізді.

Роза Абитова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.

«Көркем гимнастикамен айналысып жүргеніме 9 жыл болды. Менің алғашқы ұстазым – Лола Адилбекова. Біздің отбасымызда барлығы спортпен айналысады десем де болады. Әкем – футболшы, анам жас кезінде гимнастикамен айналысқан. Бауырларым да спортпен айналысады. 23-не Венгрияның астанасы Будапештте болатын халықаралық жарысқа дайындалудамыз. Қазақстанды, жаттықтырушымды, өзімді ұятқа қалдырмау үшін тынымсыз жаттығып жүрмін. Алдағы уақытта жарыстарым да, жоспарларым да көп. Болашақта өзім жеке жаттығу залын ашып, кішкентай қыздарға сабақ бергім келеді»,- дейді Роза Абитова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер