Шымкенттік еріктілер елімізде таралған індеттің алдын-алу мақсатында игі істер атқарды. Олар жағдайды кеңінен түсіндіріп, төтенше жағдай кезіндегі мыңға жуық тұрғындардың атқаруы тиіс қауіпсіздік шараларын ұғындырды. Сол кезде ғана әлем әлекке түсіп, еліміз алаңдаған індетке халық болып қолдау білдіргеніміз болады.
Шара барысында әр адамға бір-бірден медициналық маска мен брашюра қағазы таратылды. Іс-шара қоғамдық автобустар мен аялдамаларда, сондай-ақ, «Орталық паркте» жалғасты. «Еріктілеріміз ерікті түрде өздері шығып, белсенділік көрестіп жатыр. Сондай-ақ, мед академияның студенттері де қосылды арамызға. Тұрғындар тарапынан сұрақтар туындаса өз саласы бойынша жауап беруде», - қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Жани Қамбар.
Адамдар жиі шоғырланатын орындарда жасаған игі шараларға ат салысқан еріктілердің бұл әрекетіне қала тұрғындары өз алғыстарын білдіруде. «Денсаулық болса бәрі болады. Еліміз тыныш болсын. Жастарымыз аман болсын. Коронавирус кетсіз. Рахмет еріктілерге»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ұмсын Нұрманова.
Бұдан өзге шымкенттік жастар «Жанға жылу» акциясы аясында жалғызбасты 50 қарияға азық-түлік себеттерін тарту етті. Онда әлеуметтік маңызы бар бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бар. Еріктілер мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп отыр.