Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған елміз. 2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады.
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Облыстық жасөспірімдер үйінде атаулы мерекеге арналған «Достықта жоқ шекара» атты іс шара өткізілді. Іс-шараға арнайы қонақ болып келген Шымкент қалалық шығармашылық ұйымының төрайымы, ақын, аудармашы, этнос өкілі Еркінай Сұлтанова жүрек жарды тілегінен соң өз өлеңінен шашу шашты. Сондай-ақ Ауған соғысының ардагері Нұрлан Пірімбеков пен жасөспірімдер үйінің психолог маманы Гизатулина Резеда ақжарма тілектерін айтып қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Черкашина Виктория мен Черкашина Кристина қазақ тілінде патриоттық «Қазақстан» атты әнін орындап, кештің көңілді нотада өтуіне атсалысты. Іс-шараға қатысушылар арасында «Мақал сөздің мәйегі» атты қызықты ойын ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген оқырмандарға кішігірім сыйлықтар табыс етілді.
Кітапхана қызметкерлері Құндызай Елекеева мен Таңшолпан Имантаева іс шараны тізгіндеп әдемі әндерін тарту етіп, белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табыс етті.