Балаларға базарлық

Шымкент қаласындағы №4 «Кәусәр» қыздарға арналған қайырымдылық интернатында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің магистранттары мен филология факультеті «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі Сманова Ғазиза Ілесханқызы  және филология ғылымдарының докторы, доцент Абрамова Галина Иосифовна қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 

1584612052703805.jpg

Магистранттар «Кәусәр» интернатының  тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы жылы жүректі қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді. Бұл іс-шара барысында интернат тәрбиеленушілері өзгеше әсер алды.Түрлі сыйлықтар мен тәттілер алып, балаларға базарлық жасаған магистрант жастар ең әуелі балалармен ағылшын тілін меңгеруде таныстырылым сабақтарын өткізіп, көңілдерін көтерді. АҚШ -тан келген ағылшын тілінің мұғалімі  Ави Тепфер ағылшын тілінде балаларға ойын ойнатып, ән салдырып,  олардың көңіліне ізгілік пен мейірімділігін білдірді.

«Кәусәр» интернатының директоры Уалиханов Бекжан Жұмабаевич сөз алып, көмекке мұқтаж отбасылардың қоғамымызда көптеп кездесетінін айтып, өз өкінішін білдірді. Қазіргі таңда «Кәусәр» интернатында ата-анасынан  айырылған, ата-анасының қамқорынсыз қалған, ата-анасы мүгедек  және әлеуметтік көмекке аса зәру қыз балалар тәрбиеленіп жатыр. Іс-шара соңында қара көзді жәудіреген балаларымыздың жанына желеу болсақ деген ОҚМПУ магистранттары қанша қамқор болып, көңілдерін көтерсең де, ата-анасының аялы алақанынан артық ешнәрсенің жоқтығын жасыра алмай «Елімізде жетім балалар болмаса екен» деген жылы тілектерін жүректеріне түйіп қайтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер