Бауырлас қалалардың бірлігі бекем

Screenshot_15.jpg

Бауыр адамда ғана болмайды. Бауыр қалаларда да болады. Мұндай шаһарларды бауырлас қалалар деп атайды. Бүгінде Шымкент қаласы оннан аса қалалармен бауырлас екен. Олар, Байинь (Қытай), Гроссето (Италия), Измир және Эскишехир (Түркия), Могилев (Беларусь), Паттайя (Тайланд), Стивенэйдж (Ұлыбритания), Ахарнон (Грекия) және Худжанд (Тәжікстан).

Бауырластықтың арқасында Тәжікстанның Худжанд қаласындағы көшелердің біріне 2003 жылы «Шымкент» атауы берілді. Содан бері Шымкент пен Худжанд қалаларының арасындағы байланыс нығая түсіп, бауырлас шаһарлар атанған. Қос қаланың арасындағы өзара бауырмалдық қарым-қатынас осылайша бірнеше игі істерге жол ашты. Одан өзге бауырларымен де  үшінші мегаполис әлеуметтік, мәдени байланыс орнатқан. 

Бір айта кетерлігі Шымкент қаласында да бауырлас қалалардың аттары берілген көшелер бар. Солардың бірі «Нұрсәт» шағынауданындағы түріктің Измирі мен Итальяның Гросетто қалалары атындағы көшелер.

Ал, әлемде 70-ке жуық көше қазақша атаумен аталады. ҚР СІМ мәліметінше, көрші Ресейдің 14 қаласында көшелерге Қазақстан қалаларының атаулары мен біздің әйгілі қайраткерлердің есімдері берілген. Бұдан өзге Татарстанда, Шешенстанда, Иорданияда және Түркияда да қазақша атаумен аталған қала көшелері бар екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер