Жедел оқыту курсымен диплом алды

02-6.jpg

Үшінші мегаполистегі жоғары медицина колледжінің студенттері жедел оқыту курсы бойынша диплом алды. Бір жыл алты ай білім алған талапкерлер негізінен қаладағы емханаларда мейірбике қызметін атқарып жүрген. Іскерлік қабілеті мен медициналық білімін арттыру мақсатында қосымша тәлім алған мамандар 12 наурыз күні салтанатты түрде мантиямен түлеп ұшты. 

2014 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жедел оқыту курсы жоспарға еніп, бүгінде коллелджде 22 түлек түлеп ұшты. «Бүгін біздің колледжімізде тарихи сәт орын алып отыр. Биыл бізге 90 жыл әрі бакалавр дәрежесі бойынша студенттерге жедел оқыту бойынша диплом беріп отырған жайымыз бар. Республикалық грант бойынша 68 студентті қабылдаған едік, қазі солардың жиырма екісі оқуын бітіріп отыр», - дейді Шымкент жоғары медицина колледжінің директоры Сейтжамал Пакеев.

Аталмыш білім ордасының арқасында медициналық білімдерін жетілдіріп, мүмкіншіліктері артқан түлектердің арасында қатардағы мейірбикеден бас мейірбиге дейінгі мамандар білім алған. «Біз осы жерге 2018 жылы оқуға түстік. Бір жыл алты ай оқып дипломымызды алғалы жатырмыз. Жоғары медицина колледжінің басшысына, осы жерде бізге білім, тәрбие берген ұжымға алғысымыз шексіз. Алға қойған мақсаттарымыз өте көп. Өзімізге керекті жоғары деңгейдегі біліммен сусындай алдық», - дейді №5 қалалық емхананың бас мейірбикесі Райхан Көмекова.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер