Қолөнер - халықтың сарқылмас бұлағы

Screenshot_3.jpg

«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де сарқылмас бұлағы. Қолөнер көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Халық өнері – халық даналығының жемісі. Мәдени астананың мәдениетіни көтеруге шымкенттік Икрамжан Рафиков та барынша тырысуда.

Икрамжан зергер де тікелей көрсетілім кезінде өзінің он саусағынан өнер тамған шебер екенін көрсетті. Оның әрбір бұйымы біртуар өнер туындысы екендігін өзі-ақ дәлелдеп тұғандай. Шебердің қолынан әйелдердің әшекей бұйымдары да, киімге тағатын түрлі қосымшалары да, тазалыққа қажетті бұйымдар да, ас жабдықтары, киіз үйдің ағаш қаңқасының, жиһаздардың, ағаштан және теріден жасалған ыдыстардың, саз аспаптарының, қару-жарақтардың түр-түрі, ат әбзелдерінің бекітпелерін жасау да келетін көрінеді. 

«Мен қолөнерге өзімнің ұстазым әрі әкемнің арқасында келдім. Әкемнің жетекшілігімен осы өнерге тәнті болып, бірте-бірте бауыр басып кеттім. Көбінде бұйымдарды жасауда күмісті қолданамын. Қазақ зергерлерінің сүйікті материалы күміс. Сол үшін де көбінесе күміске басымдық береді», - дейді Икрамжан Рафиков. 

Онлайн көрме көрсетілім барысында Икрамжан ұста да өз бұйымдарымен жіті таныстырып шықты. Көрермендерді әр бұйымның ерекшелігінен, өзіне тән сипаты, қасиетінен хабардар етіп, өте пайдалы материал ұсынды. Оның ең көп жасайтын бұйымына келсек, ол жүзік екен. Тіпті халық арасында бұл бұйымға деген қызығушылық өте жоғары екен. Оның өлшемдері ең кішкентай саусақтан, мейілінше үлкеніне дейін кесіліп, ескеріледі. Тек әйелдердің ғана емес, ерлер қауымынан да жүзіктерге, соның ішінде күміс жүзіктерге деген сұраныс жоғары екен. Ал жүзіктен кейінгі сұраныстағы бұйым – жүзік екен, сонан соң білезік, белдік, алқа және тағы басқа.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер