Ырым-тыйым жамандықтан сақтайды

Screenshot_4.jpg

Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз жаман аурудың, жаудың, қауіпті жәндіктердің атын атамаған. Мәселен, жылан дегеннің орнына «ұзын шешей» деген, ал қандай да бір ауру болса, « аты жаман кесел», «бәле» деп айтатын болған екен. Ауру көбеймес үшін, шақырмас үшін осы тәсілді қолданған. Бүгінде аты жаман індетті жұртшылық қорықпай айта береді. Тіпті, екі сөздің бірі тәж індет туралы. Осы орайда, Шымкент қаласы орталықтандырылған балалар кітапханасы өзінің оқырмандарына онлайн сағат өткізді. 

Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз. Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған қазақ халқы ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Балалар кітапханасы да халқымыздың ырым - тыйымдары туралы «Қазақтың ырым – тыйымдары» атты онлайн - әдеби сағатты оқырмандармен бірлесе әлеуметтік желі арқылы өткізуде. 

Іс-шараға қатысқан балалар кері байланысқа түсіп, жарыса ырым-тыйымдармен бөлісіп отырды. Солардың бірі – Тұрар Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Жасмин Қожахметова. 

«Орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесіндегі №9 кітапханасының тұрақты оқырманымын. Қазақтың ырым-тыйымдары: бас киімнің төбесін басып кимейді. Ер адам әйелдің басын жауға салмайды. Әйел жалаңбас отырып, бала емізбейді. Қыз өкпелегіш болса, ырысы кемиді», – дейді оқушы. Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар тізбегі халықтың өмірінде, салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс береді. Ырым мен тыйым адамды  тәрбиелеп, жат әдеттерден тыюға бағыттайды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер