Ертегілер әлеміне онлайн саяхат

Қуыршақ театры.jpg

Қалалық Қуыршақ театры қала тұрғындарына бірқатар онлайн шаралар ұсынды. Театр балалардың көркем қабілеттіліктерін жетілдіріп қана қоймай оларды тұлғааралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтарды сезіне алады. Қуыршақ театры өзінің жас көрермендеріне жол ережелері туралы аса қызықты онлайн-қойылым қойды. Онда басты кейіпкер «Күлдіргі маймыл» өзінің кішкентай ғана достарына жолда жүру ережелерін түсіндірді. «Күлдіргі маймыл» кейіпкерін театрдың тәжірибелі дерижері Людмила Лушина сомдады. Ол осы қойылым арқылы өзінің біліктілігін тағы бір дәлелдегендей. Қойылым барысында актерлер балаларды тек жол жүру ережелеріне ғана емес, мәдени сөйлеуге, аспауға-саспауға баулыды.

Негізінен бұл қойылым тұтастар жас бүлдіршіндерге бағытталғандықтан ол барынша оңай тілмен және де жанға жайлы атмосферада түсірілген. Тіпті ондағы қуыршақтар мен табиғат бейнесі де түрлі түсті бояулармен әрленіп, балаларға барынша түсінікті етіп жасалынған. Көрсетілім барысында кейбір жол ережелері экраннан жол белгілерін көрсету арқылы түсіндірілді. Тіпті, жол ережесін түсіндірушінің өзі де «Күлдіргі маймылдың» кейіпінде көрсетілгені де баланың мұндай ақпаратты оңай қабылдауы үшін көрсетіліп тұрғаны айдан анық. Әр баланың білуі керек қуыр¬шақ тілімен таныстыратын қойылымды көруге барша балақайдың қызығары анық.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер