Асыға күткен онлайн қойылым

Screenshot_6.jpg

Бүкіл балақайлардың асыға күткен Қуыршақ театры ұйымдастырған ертегілердің ішіндегі ең жоғары деңгейде орындалғаны онлайн қойылым Әдібай Табылдының «Бәрекелді кірпі» болды. Шымкенттік бүлдіршіндерді бір серпіліс берген қойылымнан соң сұраныс та артты.

Қойылым жанды көріністерден құралғандықтан онлайн-көрсетілім ерекше сипатқа ие болды. Шығарманы тәжірибелі актерлер арқылы кейіптендіруде балалар басты кейіпкерді, образды сахналау арқылы оны өз бойынан өткізеді. Бала көркем шығарманы кейіптендіруде образға тез еніп, әсерленгіш, еліктегіш, сенгіш және оны шындық деп қабылдайды. Мұндайда балалар өз сезімін ашық білдіреді. Ертегі барысында көрсетілген қасқыр, кірпі, аңшы сынды образдар көрермен балақайларды түрлі эмоцияларға бөлеп, ондағы зұлымдық пен мейірбандық сезімдерінің аражігін ажыратып беретіндей. Көрініс жалпы жарты сағаттан астам уақытқа созылды. Жанды қойылым болғандықтан, актерлер ертегінің мазмұнын толықтай аша білді.

Мұндай қиын сәтте қиял-ғажайып ертегілер, аңыз-әңгімелер оқып, оны түсіндірудің маңызы зор болып табылады. Ойын сәттері балалардың шығармашылығын ұштайды десек, оның қалыптасуына өнердің де түрлері ықпал етеді. Музыка тыңдау, сабақ оқу, ертегі айту балада басқа да көңіл күй тудырып, образды жандандырады. Бұл жерде, әрине, шығармашылыққа жеке тұлғалық тұрғыдан қарау керектігін ескерген жөн. Баланың жеке бас тұлғалық ерекшелігін ескеру – оқытудағы шығармашылықты дамытудың негізгі жағдайларының бірі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер