Шымкент қаласындағы қуыршақ театр «ТМД елдерінің мәдени астанасы» жобасы аясында онлайн-режимде алтын қорға енген спектакльдер, сондай-ақ әлемдік әдебиет қазынасынан алынған ертегілер топтамасын жас көрермендер назарларына ұсынды. Бұл жолы театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Антонина Валентиновна Малюченко Редьярда Киплингтің «Маугли» ертегісін оқыды. Ертегі түгелдей қойылымға әсер берілетін дыбыстық сүйемеулдеумен толықталды.
Айта кеткен жөн, ертегіні оқышы Мауглидің басынан өткен шытырман оқиғасымен бөліскен тұстардағы оның дауыстық иірімдері балалардың ертегіге түгелімен енуіне жол ашады. Тіпті, жай ересек адам тамашалағанның өзінде бұл қойылым өте жоғары сапада қойылған. Мәселен мұндай онлайн көрсетілімді балақай ойыншықтарымен ойнап отырып немесе өзін қызықтыратын басқа да іспен шұғылдана отырып тыңдай алатын жағдай жасалынған. Себебі бала ертегіні оқымай, тыңдау арқылы шығармашылық қиялын арттыра алады. Ол көз алдына бала Мауглидың образын, оның басқа жануарлармен кездесуін елестетеді.
«Маугли» онлайн көрсетілімі екі бөлімге бөлініп көрсетіліп, жалпы жарты сағатқа жуық уақытты қамтыды. Дәл қазіргі қысыл-таяң кезеңде баланың үйден тысқа шыға алмай жатқан уағында баланы стресске салмау әр ата-ананың перзенті алдындағы міндеті. Оның уақытын барынша тиімді өткізу мейілінше қадағалануы тиіс. Сол үшін де «Қуыршақ» тетары ұжымының ұйымдастыруындағы жоғарыда айтылған бірқатар қойылымдар аса жоғары бағалануы тиіс.